Алматыда «Мен елімнің патриотымын!» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті
АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен елімнің патриотымын!» атты Алматы қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚазҰУ-дың филология факультеті мен журналистика факультетінің «Жезқоңырау» әдеби-шығармашылық ұйымы мен Ұлттық журналистік зерттеу орталығы ұйымдастырған жыр додасы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналды.
«Биыл Елбасы жолдауында Ұлы Жеңісті насихаттауға баса көңіл бөлді. Осы ретте жоғары оқу орындары арасында мүшайра өткізіп, өз үлесімізді қосқанды жөн көрдік» дейді ұйымдастырушылар. Шараға жоғары оқу орындарынан 30 жас ақын қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынға ҚазҰУ-дың филология факультетінің 2 курс студенті Қайсар Қауымбек лайық деп танылды. Журналистика факультетінің студенттері Олжас Қасым мен Жақсылық Қазымұратұлы 2-ші, журналистика факультетінің студенттері Ескен Әлбатыр, Бауыржан Әлқожа мен филология факультетінің студенті Дина Мұратәлиева 3-ші орынды бөлісті. Жеңімпаздарға ақшалай жүлде табыс етілді. Сонымен қатар олардың өлеңдері университеттің «Жезқоңырау» альманағында жарық көреді.