Алматыда "Мен сенімен біргемін" атты веломарш өтеді

АЛМАТЫ. 4 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 9 қазанда Момышұлы көшесінен Абай даңғылының бойымен Орталық стадионға дейін "Мен сенімен біргемін" деп аталатын ІІІ қайырымдылық веломаршы өтеді.

Алматыда "Мен сенімен біргемін" атты веломарш өтеді

Оны қала әкімдігінің қолдауымен «Салауатты Азия», «Алматы велоқоры» қоғамдық қорлары, «Алматы» велоклубы және «Вело-Алматы» бастамашылық тобы ұйымдастырып отыр. Халықаралық паллиативті жәрдем күні болатын бұл шара Қазақстанда алғашқы балалар хосписін ашуды қолдауға арналған. Онда веломаршқа қатысушылар бұл қылтамақты жеңудің халықаралық символы болып саналатын қызғылт ленталармен жүретін болады.

Жалпы, Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулармен 500-ден астам балалар ауырады. Олардың жартысынан азы ғана аурынан толық айығып, ал қылтамақтың асқынған түрлерімен сырқаттанғандар арасында өмірімен ерте қоштасып жатады. Сондықтан үмітсіз бұл балалар арнайы күтім мен қамқорлықты қажет етеді. Сол себепті "Салауатты Азия" қоры наурыз айынан бері еліміздегі алғашқы балалар хосписін ашу үшін ақшалай қаражат жинауда. Ол қазан айының соңында өз есігін ашпақ.