Алматыда «Мен ВИЧ-тен қалай қорғану керек екенін білемін, ал сен ше?» атты Жастар марафонының жабылу салтанаты өтеді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында желтоқсан айының 6-ы күні «Мен ВИЧ-тен қалай қорғану керек екенін білемін, ал сен ше?» атты Жастар марафонының жабылуы салтанаты өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

          Марафон  желтоқсанның  1-і  күні аталып өтетін  Халықаралық СПИД-пен күрес күніне және  желтоқсанның  5-і -  Халықаралық еріктілер күніне арналған. Шара аясында аталмыш шараға ат салысқан ЖОО-мен орта арнаулы  оқу орындарының студенттері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен арнайы мектептің оқушылары, сондай-ақ ең үздік еріктілер командалары марапатталатын болады.

         Аталмыш шара «Өрлеу» әлеуметтік жобасы аясында «PSI» Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен және «Chevron» компаниясының қолдауымен   өтеді. 

                 Акцияға қала әкімшілігінің өкілдері, «ЮНЭЙДС», «ЮНЕСКО», «UNDP» Халықаралық ұйымдары, «СПИД Шығыс-Батыс қоры» қоғамдық бірлестіктері,  ВИЧ-пен өмір сүріп жатқан адамдардың қазақстандық қауымдастығы,  «Команды SOS» еріктілері, Қазақстан эстрада жұлдыздары, КТК жоғары лига команда мүшелері қатысады.

Соңғы жаңалықтар