Алматыда «Менің сүйікті анама» атты көрме ашылды

Ы. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Бүгін Алматыда «Спутник» сауда ойын-сауық орталығында Наурыздың 8-і - халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Менің сүйікті анама» атты мүмкіндігі шектеулі балалар шығармаларының көрмесі ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуезов ауданы әкімдігінің қолдауымен, Әуезов ауданының мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы және «Спутник» сауда ойын-сауық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға мүмкіндігі шектеулі балалар қатысып, өз туындыларын көрмеге қойды.

«Балалар денсаулық жағдайына қарамастан, халыққа өмірдің әсемдігін жеткізуге тырысқан. Көрмеге Әуезов ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі балалардың 100-ден аса жұмыстары қойылды. Шараға 30 бала шақырылды. Сауда орнына келушілер балалардың шығармашылығына баға беріп, қойылған жәшіктерге дауысын бере алады. Әділқазылар алқасы көрме соңында жеңімпаздарды анықтайтын болады. Шараның басты мақсаты - көктемнің бірінші күнінде балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық қабілеттерін арттыру, оларға көңіл бөлу болып табылады», деді Әуезов ауданының мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының директоры Тұрсын Мусина. Оның айтуынша, Әуезов ауданында мүмкіндігі шектеулі 570 бала тұрады, оның 245-і мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында көмек алуда.

Акция барысында балалар сауда орнындағы «BABYLON» паркіндегі аттракциондарға тегін отырып, мерекелік шоу-бағдарламаны тамашалады. Шара соңында «Спутник» сауда орталығы балаларға өз сый-сыйапаттарын табыс етті.

Акция наурыз айының 22-не дейін жалғасады. Байқау соңында қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар