Алматыда менингококк инфекциясын жұқтырғандар жоқ - дәрігерлер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен брифингте Алматы балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин менингококк инфекциясы бойынша қазіргі жағдай қалай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Естеріңізде болар, сәуір айында менингококк инфекциясы белең алған болатын. Бізде соңғы рет онымен маусым айында ауырғандар болды. Содан бері Алматыда менингококк инфекциясымен ешкім ауырған жоқ. Өз кезегінде біз де ауқымды алдын алу шараларын жүргіздік. Биыл да, келер жылы да бұл инфекцияға ешкім шалдықпайды деп үміттенеміз», - деді Е. Сералин.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Қазақстанда менингококк инфекциясына 84 адам шалдығып, 15 адамның өмірін қиған болатын. Соның алтауы - алматылық.


Автор: Майя Теңізбаева

Соңғы жаңалықтар