Алматыда Mercedes-Benz Fashion Week Almaty сән апталығы өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Mercedes-Benz Fashion Week Almaty сән апталығының үшінші маусымы басталады. 24-26 сәуір аралығында «Атакент» Қазақстанның Іскерлік ынтымақтастығы орталығында отандық және шетелдік дизайнерлер 2015-2016 жылдардың күзгі және қысқы топтамасын жұртшылық назарына ұсынады.

Алматыда Mercedes-Benz Fashion Week Almaty сән апталығы өтеді

Осыған байланысты өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар «Атакент» кешені сән апталығына қатысты басқа да бірқатар шараларды өткізуге мүмкіндік беретіндігін айтты. Сонымен қатар, апталық аясында Mercedes-Benz S-class Coupe жаңа автокөлігінің тұсаукесер рәсімі болады.

«Шараның басты мақсаты - қазақстандық дизайнерлердің жұмысын әлемдік нарыққа шығару және жергілікті нарықты дамыту. Өткен маусымда Vogue (Italy), The New York Times (USA), Elle (Italy басылымдарының стритстайлфотографтары келді. Бұл Қазақстанның әлемдік сән нарығындағы жайғасымын нығайта түседі » - деді MBFWAlmaty бас директоры Жанель Бертаева.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылы күзде London Fashion Week сән апталығы аясында Қазақстандық бес дизайердің бөлек Show-case көрсетілімі болады. Сонымен қатар, алдағы жылы интернет дүкендерде MBFWAlmaty сән апталығына қатысуы дизайнерлердің топтамаларының сатылымы болады.

Сән апталығының үшінші маусымына алдыңғы қатарлы отандық дизайнерлер - Айгүл Қасымова, Леонид Жеребцов қатысуда. Шараның басты қонақтары - белгілі итальяндық дизайнер Andrea және франциялық дизайнер Роджи Колин. Aka Nanita - сән апталығындағы басты брендтердің бірі.

Одан басқа, биылғы маусымда сән апталығы «Стоп меланома» ұранымен өтуде. Мақсат - осы бір онкологиялық дертке қоғам назарын аудару.

«Сән мен денсаулықты бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Адам өз денсаулығын ғана күтіп қоймай, туған-туыстарының денсаулықтарына да қамқорлықпен қарауы керек. Егер теріде қандай да ір ісік пайда болса тез арада дәрігерге көрінген жөн», - деді Қазақтың онкололгия және радиология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әл-Фараби Құрманәлиев.