Алматыда мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда мереке күндері қоғамдық көліктер кестеге сәйкес жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді

«Алматы қаласындағы қоғамдық көліктер, оның ішінде метро 1-4 қаңтар аралығы мен 7 қаңтар күні кестеге сәйкес таңғы сағат 06:00-ден түнгі сағат 23:00-ге дейін қатынайтын болады», - деп хабарлады Almaty Avtobustary.

Сонымен қатар, алматылықтарды мереке күндері де санитарлық талаптарды ұстануды ұмытпауға шақырды.