Алматыда мереке күні үш мыңнан астам адам вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мереке күні үш мыңнан астам адам вакцина салдырды

«7 мамыр күні 3018 алматылық вакцина салдырды. Тұрғындар үш вакцинаның ішінен таңдау жасай алады. Атап айтар болсақ, «Спутник-V», «QazVac» және «Hayat-Vax» екпесі», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 7 мамыр аралығында қалада барлығы 247 104 адамға екпе салынды. Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 30 292.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп атап өтті басқармадан.