Алматыда мерекеге орай тротуар бойындағы автотұрақтар екі күн бойы тегін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 21 және 22 наурыз күндері бүкіл тротуарлық тұрақтар тегін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мерекеге орай тротуар бойындағы автотұрақтар екі күн бойы тегін

«Наурыз мерекесіне орай 21 және 22 наурызда қаладағы барлық тротуарлық тұрақтар тегін болады. Алаңдағы тұрақтар бұрынғы режимде жұмыс істейді. Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге бейбітшілік пен өркендеу тілейміз»,- деп хабарлады A-Parking баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қазақстан халқы бүгін Самарқанның көк тасы жібіген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлап жатыр.

Алматыда Наурыз мерекесі аясында қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шара өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарын отандық әртістердің концерттері, ұлттық жарыстар, театр қойылымдары мен шоулар күтеді.