Алматыда мерекелік концерт өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мерекелік концерт өтіп жатыр

Алаңға бірнеше мыңдаған адам, соның ішінде бірлестік өкілдері, қала жастары, еріктілер жиналды. Жиналған халықтың алдында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетіп жатыр.

Мерекелік іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланып отыр. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, бірнеше нысанды аралады. Атап айтқанда, Президент Алматыдағы инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысы «Бақытты отбасы» ана орталығына, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды.

null
null null null nullnull null


Автор: Данияр Дауталиев