Алматыда мерекелік отшашу болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік отшашу болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мерекелік отшашу болды

Отшашулар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған Көктөбеде және Тұңғыш Президент саябағында сағат 21: 00-де аспанды әсем өрнекке бөледі.

Салютті жеке компаниялар қала әкімшілігімен келісе отырып, өз қаржыларына ұйымдастырған.

Авторы: Данияр Дауталиев