Алматыда мергендердің "Алтын нысана" турнирі өтуде

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Желтоқсанның 4-14 аралығында А. Асановтың нысана көздеу клубында «Алтын нысана» атты дәстүрлі турнир өтуде,
None
None

         деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стендік және тәжірибелік ату федерациясына сілтеме жасап.

         Турнирге мылтық ату спортының «Спортинг-компакт» түрі бойынша 12, «Айналма стенд» түрі бойынша 12, «Траншеялық стенд» түрі бойынша 12, барлығы 36 спортшы қатысады. Сайыстың әр түрі бойынша жүлде қоры 1 миллион теңге. Федерация президенті Тимур Исатаевтың айтуынша, биылғы жылы сайыстың траншеялық түрі бойынша бәсеке алғаш рет өткізіледі. Сондай-ақ жарысқа тұңғыш рет екі әйел спортшы қатыспақ. «Алтын нысана» турнирі кәсіби нысана атушылардың рейтингін көтеру, жылдың 12 ең үздік мергенін анықтау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Дәстүр бойынша биыл да турнир соңында 2009 жылдың ең үздік 12 спортшысы анықталады.

Соңғы жаңалықтар