15:44, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Алматыда мерзімді басылымдардың кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сәуірдің 28-і күні Алматыда еліміздегі екі мерзімді басылымның кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған 26 жасар жергілікті тұрғын ұсталды.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 26 жасар аталмыш азамат халықаралық іздеуде жүрген. Сәуірдің 18-і күні түнгі сағат 3-00 шамасында әлгі азамат пен тағы белгісіз 3 адам бейсбол ойынына арналған келтектермен мерзімді басылымдардың бірінің кеңсесіне кіріп келіп, күзетшілерді соққыға жығып, 5,5 миллион теңгені алып кеткен. Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттің өзге де қатысушылары іздестірілуде.