Алматыда метро бекеттеріне атаулар берілді
АЛМАТЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қаласы әкімдігінде өткен мәслихаттың ХХХХVIII сессиясының VI -ші шақырылымында Алматы қаласы метрополитенінің бірінші желісі екінші кезегінің метро бекеттеріне атаулар берілді.
Жиын барысында депутаттар бес стансаға ұсынылған атауларды бірауыздан мақұлдады.
Ортақ шешім бойынша Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысындағы бекет - «Сайран» деп аталатын болады, Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысындағы бекет - «Мәскеу», Абай даңғылы мен Алтынсарин даңғылы қиылысындағы бекет - «Сарыарқа», ал Абай даңғылы мен Яссауи көшесінің қиылысындағы төртінші бекет - «Достық», соңғы, «Қалқаман» шағынауданындағы бесінші бекет- «Қалқаман» бекеті деп аталатын болды.