Алматыда метро құрылысында жұмыс істеп жатқан 4 адамды күйік шалды

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - 27 наурызда сағат 20.17-де Алматы қаласының Бостандық ауданында Абай мен Гагарин көшесінің қиылысында салынып жатқан метрода жер жұмыстарын орындау барысында газ әуе қоспасы тұтанды.

Алматыда метро құрылысында жұмыс істеп жатқан 4 адамды күйік шалды

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Оқыс оқиғаның салдарынан күйік шалған 28, 34, 24 және 32 жастағы «Метроқұрылыс» АҚ-нің қызметкерлері ауруханаға жеткізілді.