Алматыда Мейіз Сәтбаеваға мемориалдық тақта орнатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда танымал ғалым Мейіз Қанышқызы Сәтбаеваның құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескерткіш тақта Құрманғазы 20 мекенжайындағы үйдің қабырғасына орнатылды.

Мейіз Қанышқызы — геология-минералогия ғылымдарының докторы. Әкесі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жолын қуып, Жезқазған кен орнын ашу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Құрамы ренийге бай минералдардың құрылымдық-морфологиясы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

Ескерткіш тақтаны Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов ашты.

«Мейіз Қанышқызы – көрнекті ғалым. Мына ескерткіш тақтасы бүгінгі және келер ұрпаққа оны еске салатын болады. Мемориалдың ашылуы – қаламыздың мәдени және ғылыми өміріндегі тарихи сәт», — деді ашылу салтанатында М. Ахметов.

Ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, академиктер Сұлтан Оздоев және Сұлтанбек Қожахметов, геология-минералогия ғылымдарының докторы Элеонора Сейітмұратова, Қ. И. Сәтбаев атындағы геология Институты архивының директоры Надежда Ниретина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г. Бибатырова, Мейіз Сәтбаеваның ұлы, геология-минералогия ғылымдарының докторы А. Третьяков қатысты.

Соңғы жаңалықтар
telegram