Алматыда мейрам күндері ауа райы қандай болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мейрам күндері аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мейрам күндері ауа райы қандай болады

«4 шілдеден бастап Алматыда аптап ыстық болады.  Ауа температурасы 34-36 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. 9 шілдеге дейін 38 градусқа жетуі мүмкін. Кей күндері температура 30 грдусқа дейін жоғарлайды. 6 шілде күні өткінші жауын жауады», - деді «Казгидромет» РМК синоптиктері.

Айта кету керек, Алматыда жаз басталғалы бері термометр бағандары максимум 37 градусқа дейін көтерілген болатын. Әуежай аймағында ауа температурасы 38 градусқа дейін жетті.