Алматыда «Мигрант» алдын-алу іс шарасы кезінде астыртын цех қызметі анықталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда «Мигрант» алдын-алу іс шарасы кезінде астыртын цех қызметі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда   «Мигрант» алдын-алу іс шарасы кезінде астыртын цех қызметі анықталды

Астыртын цех «Шаңырақ» ықшамауданында орналасқан бір үйдің жертөресінен орын алған. Тексеру кезінде ұсталған жұмысшылар Қырғызстан мен Қарақалпақстан елінен келген азаматтар болып шықты.

«Әрине, заңсыз бизнес болғандықтан цехты сарайдағы темір есіктің арғы жағына тығып ұстаған. Жер астында «Фанта», «Пепси кола», «Спрайт», «Буратино» сусындарын шығарып, ұнды өлшеп қаптау бизнесін жүргізген. Қарапайым көшедегі құдық суы мен бояғыш заттардың арқасында «бизнесмендер» қаланың базарларын салқын сусынмен қамтамасыз етіп отырған», - деді Алматы қаласының көші-қон Ббсқармасының бастығы, полиция подполговнигі Марат Кезембаев. Оның айтуынша, келімсектердің көбі «Шаңырақ», «Әйгерім», «Өжет» ықшамаудандарынан мекен іздейді.

Ол сонымен қатар, «тәркіленген барлық азық-түлік сараптамаға жөнелтілді. Мұқият тексеру жүргізіліп, айыптылар тиісті жазасын алады», - деді.