Алматыда мониторинг тобы «қыз ұзату» тойын тоқтатты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мониторинг тобы қыз ұзату тойын тоқтатты. Әкімдік тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мониторинг тобы «қыз ұзату» тойын тоқтатты

Эпидемия басталғалы КВИ жұқтырудың 53 мыңан астам жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 2715,7), оның ішінде 2021 жылдың басынан бастап 29 сәуірді қоса алғанда 35 995 жағдай (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 1781,1), жалпы 2020 жылы 18521 тіркелген жағдайда (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 927,7), яғни өткен жылғы сырқаттану деңгейінен 2 есеге артқаны байқалады.

Өткен тәулікте 697 адамнан коронавирус анықталды.

Қоғамдық тамақтану орындарында жұқтыру 0,8% - ға өсті. 20-39 жас аралығындағы жастар арасында КВИ ауруының ең жоғары деңгейі – 35,5%, 60 жастан асқан азаматтар арасында - 22,5%, жасөспірімдер арасында сырқаттану 0,3% - ға - 3,0-дан 3,3% - ға дейін ұлғаю жалғасуда.

Алматы әкімдігі мегаполис тұрғындарын адам көп жиналатын орындарға, жабық кештерге, банкеттерге, үйлену тойларына бармауға және жұқтыру қаупі жоғары іс-шараларға қатыспауға шақырады.

Алматыда жұқтыру жағдайларын тіркеудің жалғасуына байланысты карантин шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мониторинг тобының жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Биылғы жылдың 20 наурызынан 30 сәуіріне дейін барлығы 727 бұзушылық анықталды. Анықталған нысандардың жалпы санынан – 498-і мейрамхана, дәмхана және дүкендерге, 94-і компьютерлік клубқа, 15-і бильярд клубына, 43-і СПА салонға, 27-сі саунаға, 2-уі кальян барына, 24-і караоке клубына, 10-ы лото клубқа, 1-уі букмекерлік кеңсеге, 15-і түнгі клубқа жатады. Аудандық полиция басқар маларына барлығы 3304 адам жеткізілді.

Мысалы, 29 сәуірде кешкі сағат жетілер шамасында Алмалы ауданының мониторинг тобы «Caffe Del Teatro» мекемесінде карантин талаптарының бұзылғанын анықтады. Банкет залында ұзатуға жиналғандар болды. Тойдың өтуіне жол берілмеді.

«Caffe Del Teatro» кафесінің иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, той қонақтарына санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау туралы профилактикалық әңгіме өткіздік. Ұзату тойда негізінен қарт адамдар болды, олар коронавируспен ауру қаупі бар тәуекел топтағы адамдар», - деп хабарлады Алмалы ауданының әкімдігі жанындағы мониторинг топ өкілі Ерден Хайруллин.