Алматыда мопед мінген курьер жеңіл көлікке соқтығысып, 2 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. Қазқпарат - Алматыда мопед мінген курьер жеңіл көлікке соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мопед мінген курьер жеңіл көлікке соқтығысып, 2 адам зардап шекті

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 28 наурыз күні сағат 22:00 шамасында болған.

«Мопед жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта жылжып келе жатып, Байтұрсынов көшесінің қиылысында бағдаршамның ескерту сигналына қарамастан өтіп кетпек болған. Салдарынан «Toyota RAV4» автокөлігімен соқтығысты», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Апат салдарынан мопед жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тергеліп жатыр.