Алматыда мопед жүргізушілері бір күнде 114 рет жол ережесін бұзды
«Мәселен, Алматыда алдын алу іс-шарасының бір күнінде мопед жүргізушілері 114 рет жол ережесін бұзған. Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 698 364 теңгені құрады», – деді ол.
Сондай-ақ ол жаз мезгілінде Алматыда мопед және электросамокат жүргізушілерінің жол ережелерін бұзу оқиғалары артқанын хабарлады.
«Статистикалық мәліметтер бойынша Алматыда мобильді көліктердің қатысуымен жол апаттарының саны 4 есе өскен. Биылғы жылдың 6 айында мопед және электросамокаттардың қатысуымен 77 жол апаты болып, салдарынан 81 адам жарақат алып, біреуі қайтыс болды. Сондай-ақ, самокат пен скутерде балалардың қатысуымен 21 жол апаты тіркеліп, одан 23 бала жарақат алды», - деді ол.
Фото: sochi.com