Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

«Оқиға 31 тамыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында болды. Жаяу жүргіншіні қаққан мопед иесі оқиға орнынан қашып кетті»,- деп жазды автор.

Полиция департаменті апатқа қатысты түсініктеме берді.

«Бұл факт тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Мән - жайды Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр. Бұл қылмыс бақылауда», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.