Алматыда Мұғалімдер күні аталып өтуде

АЛМАТЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -  Бүгін Алматыда Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрында Мұғалімдер күніне орай мерекелік концерт өтті,

Алматыда Мұғалімдер күні аталып өтуде

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуезов ауданы әкімдігі  ұйымдастырған шарада Қазақстан халық әртістері және эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аудан әкімі Бекқали Торғаев мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтап, үздік ұстаздарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады. Сонымен қатар, шара аясында театр фойесінде аудан мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен тақырыптық көрме ашылды. 

 Мұғалімдер күні - бұл білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мейрамы. Ол 1994 жылы ЮНЕСКО-мен бекітілді.  Елімізде қазан айының бірінші демалыс күнінде атап өтіледі.