Алматыда мүгедектігі бар әйелдер бірігіп, тиімді жұмыс істеуді үйренуде

АЛМАТЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Бүгін Алматыда қоғамдық ұйымдардың мүгедектігі бар жетекшілері мен белсенділеріне арналған көшбасшылық тренинг өтіп жатыр. Оған республиканың 35-тен аса үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері қатысуда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы мен Халықаралық ҮЕҰ-ды оқыту және зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтуде. Тренингтерді мүгедектік пен гендерлік сұрақтарды жетік білетін кәсіби қазақстандық жаттықтырушылар мен Халықаралық ҮЕҰ-ды оқыту және зерттеу орталығының жаттықтырушылары өткізуде. Тренингке қатысушылар қабілеттерін жетілдірумен қатар, тәжірибелік білім мен әдістемелерімен де алмаспақ.

"Шараның міндетінде басқарудағы жеке қарым-қабілеттерін дамыту ғана емес, желілік бірлестік құру, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау, мүгедектік саласындағы әлеуметтік бағдарламаларды жетілдіру жағын да ұйымдастыруға ықпал ету кіреді. Тренинг ең алдымен келіссөз жүргізуді үйренуге, жұмысындағы басымдылықтарды анықтауға, фандрейзингті ұйымдастыра білуге, стратегилық ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ жалпы жұмысты ұйымдастыра білуге бағытталған", деді «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Қалтаева.

Оның айтуынша, тренингтік курс көшбасшылық қабілетін нығайтуға арналған екіжылдық жобаның бір бөлігі. "Бұл жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен іске асуда. Жобаға сонымен қатар, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі, Фридрих Эберт атындағы қор мен Сорос Қазақстан қоры қолдау білдіріп отыр. Еуропалық Одақ жобаны іске асыруға 150 мың еуро қаражат бөлді", деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының желілік жүйесі құрылған. "Оған Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының 14-тен аса үкіметтік емес ұйымдары кірді. Бұған дейін өткен тренингтер нәтижесінде қатысушылар әлеуметтік маңызы бар сұрақтар бойынша кішігірім жобаларды өздері іске асыруда. Сондақтан, мұндай тренингтер жемісті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беруде деп айтуға болады", деп атап өтті Ләззат Қалтаева.

Алматы қаласында басталған тренинг тамыздың 16-18 аралығында Атырау мен Астана қаласында жалғасады.

Соңғы жаңалықтар