Алматыда Мұқағали Мақатевтың туған күніне арналған "Соғады жүрек" деп аталатын ән-жыр кеші өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 12-сі күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Соғады жүрек" деп аталатын ән-жыр кеші өтеді,

Алматыда Мұқағали Мақатевтың туған күніне арналған "Соғады жүрек"  деп аталатын ән-жыр кеші өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика сарайында өтетін бұл шараны биыл Қазақстан Жазушылар одағы, «EL» продюсерлік орталығы және «Халықаралық Мақатаев қоры» ұйымдастырып отыр. Оған - Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, Рамазан Стамғазиев, Ұлту Қабаева, Саят Медеуов, Мейрамбек Беспаев, Индира Расылған, Ерлан Рысқали, Еркін Нұржанов және «МузАРТ», «Қоңыр», «Нұр-Мұқасан», «Жігіттер» тобы қатысады. Кеште ақынның таяуда ғана баспадан шыққан жаңа кітабының тұсауы кесілмек.

Жалпы бұған дейін режиссер Асқар Наймантайдың жобасы бойынша бұл шараны "Терісқақпай", "Беймарал" театрлары мен "Мұрагер" продюсерлік орталығы дәстүрлі түрде "Бүгін менің туған күнім" деген атпен өткізіп келген болатын. Биыл туғанына 79 жыл толатын Мұқағали Мақатаевқа 2000 жылы «Аманат» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Сондай-ақ 2006 жылы Алматыда ақын шығармаларын шет тілдеріне аудару, естеліктер шығарып, жас мұқағалитанушыларды жұртшылыққа таныту мақсатында Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық қоғамдық қор құрылды.