16:52, 22 Тамыз 2022 | GMT +5
Алматыда мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 847 млн теңге бөлінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 847 млн теңге бөлді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл әр оқушыға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуға 43 000 теңге бөлінді, оның 35 000 теңгесі мектеп формасына, 8 000 теңгесі мектепке қажетті құрал-жабдықтарға бөлінді. Көмекпен 19 701 бала қамтылды, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 847 миллион теңге бөлінді. Төлемдер ата-аналардың есеп карталарына 100% қаражат аудару арқылы жүзеге асырылды»,- деді спикер.
Бұдан бөлек, «Мектепке жол» акция аясында демеушілер әлеуметтік осал топтағы 5,6 мыңнан астам балаға мектеп формасы мен қалам, дәптер салынған рюкзактар сыйға тартты.
Сөз соңында спикер Алматы қаласында қою көк түсті мектеп формасы белгіленгенін еске салды.