Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының көрме-сатылымы ұйымдастырылды

АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Эльдани» қайырымдылық қоры «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының көрме-сатылымы - «Жүрегімнің жылуын саған сыйлаймын!» акциясын өткізді.

Алматыда  мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының көрме-сатылымы ұйымдастырылды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген шараның мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың мұң-мұқтажына қоғамның назарын аудару және оларды қоғамға жақындату.

Эльдани Көрме-сатылымға мүгедек балалардың қолынан шыққан керамикадан, моншақтан, декупаждан, квилингтен жасалған бұйымдар, ағашқа, матаға салынған ою-өрнектер қойылған.

«Біздің қор жанынан мүгедек балалар шығармашылығын дамыту үшін Шеберлік студиясы ашылған болатын. Бүгінгі көрмеге қойылған өнімдер сол мектепте оқыған жас шығармашыл балалардың қолынан шықты. Олардың бағасын балалар қажеттіліктеріне қарай өздері белгіледі. Сатылымнан түскен қаржы олардың шығармашылығын одан әрі шыңдауға жұмсалады», - дейді «Эльдани» қайырымдылық қорының өкілі Гүлзира Амантурлина.