Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен жасалған бұйымдар жәрмеңкесі өтті

АЛМАТЫ. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Көмек" студенттік ұйымының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен жасалған бұйымдардың қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
None
None

"Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты ұранмен өткен жәрмеңкенің мақсаты - студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыра отырып университетте әлеуметтік жаңаруды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарын насихаттау арқылы оларға материалдық көмек көресету, сонымен қатар, студенттік еріктілердің балалар үйіне, интернаттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекемелерге барып, көмек көрсетуін қамтамасыз ету болып табылады», - дейді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңкеге №7, №8 интернаты, аутизм орталығы, "Эльдани" қайырымдылық қоры мен "Мейірім" қоры қатысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум