Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістіктерін марапаттайтын шара өтеді

АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- 3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні Абай атындағы опера және балет театрында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдениет,

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістіктерін марапаттайтын шара өтеді

спорт, білім және қоғамдық қызметте жеткен жетістіктерін марапаттайтын «Самғау» алғашқы қоғамдық сыйлығын марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы бүгін Алматы өткен арнайы баспасөз мәслихатында «Бауыржан» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті, аталмыш шараның ұйымдастырушысы Жұлдыз Омарбекова мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл - ТМД еліндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістіктерін марапаттайтын жалғыз сыйлық.

"Бүгінде байқауға 50-ден астам ұсыныс келіп түсті. Қабылдау телефонына күніне 100-ден аса телефон шалынған. Ұсыныстарды қабылдау 1 қарашада басталған болатын. 25 қарашаға дейін өтініштер әлі де қабылданады. Байқауға қатысушыларды 6 аталым бойынша, шығармашылық деңгейіне қарай іріктеп алатын боламыз. Еліміздегі мәдениет, білім, спорт, саясат, әдебиет, ғылым және шоу-бизнестің танымал және құрметті 11 азаматтарынан тұратын қазылар алқасы сыйлықтың иегерлерін таңдайтын болады. Сыйлықтың жалпы жүлде қоры - 1,5 млн. Бұл біздің «Бауыржан» қорының қайырымдылық саласындағы екінші жобасы. Жоба 3 жыл бұрын дүниеге келген болатын. Қаржы табылмағандықтан іске аспаған еді. Бұл сыйлық мүмкіндігі шектеулі жандарға мақсаттарын орындауға мүмкіндік береді деп ойлаймын",- деді Жұлдыз Омарбекова.

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары «Бауыржан» қоғамдық қайырымдылық қоры мен «Мейірім» оңалту орталығы. Шараға «ҚазРосГаз» компаниясы, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі, «Шеврон» компаниясы, «Казэнерджи» қауымдастығы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, "Эйр Астана" әуе компаниясы, «СаустОйл» компаниясы қолдау білдірген.