Алматыда мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған жаңа басылым жарық көрді

АЛМАТЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Жанна Шамова/ - Бүгін Алматыда мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған «Біз сіздермен біргеміз» деп аталатын   республикалық жаңа басылымның тұсаукесері өтті,

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған жаңа басылым жарық көрді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің мақсатымыз - қоғамның әртүрлі саласында жоғары жетістікке жеткен өз тағдырластарымызды насихаттау. Барлық жастармен болашаққа бірге қадам басып, еліміздің 50 дамыған елдің қатарына қосылуына өз үлесімізді қосқымыз келетінен білдіру. Сондай-ақ  өз тағдырластарымызға құқықтық, психологиялық және тағы басқа  ақыл-кеңестер беріп, рухани қолдау көрсету», дейді басылымның бас директоры  Ұлан Мұсаев. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Қазақстандағы  бұл басылымды  жастар өз  күштерімен жарыққа шығарып отыр.

«Егер демеушілік көрсетемін деген ағалар табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Айына 2 рет жарық көретін бұл басылымның таралымы 9 мың дана. Алғашқы кезде  ол Алматы, Астана, Семей, Қызылорда, Ақтау, Атырау қалаларына тарайды. Таяу күндері ол  газет дүңгіршектеріне түседі»,  дейді газет құрылтайшысы Кенже Социалұлы.  12 бет көлемінде жарық көрген жаңа басылымда тағдырлас жандарға арналған танысу бұрышы «Қолыңды бер, қалқатай» және  «Адам - бір жұмбақ», «Бір кем дүние...», «Дін - қоғамның өзегі», «Жаңа есім»,  «Ғаламтор қоржынынан» сияқты өзге де айдарлар бар.