Алматыда мұнай өнімдерін құю барысында өрт болды, күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Алматының Жетісу ауданында, Первомай қиылысында кеше сағат 11.36-да «Достық Мұнай-Бейс» ЖШС-де бір резервуардан екіншісіне мұнай өнімін құю кезінде өрт болды.

Алматыда мұнай өнімдерін құю барысында өрт болды, күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Өрт сағат 14.51-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТМЖ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 90 адамы мен 24 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 18 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 50 жастағы күзетшіні күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.