Алматыда мұражайлар және мәдени туризм мәселесі талқыланады

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен 18 мамырда Халықаралық мұражайлар күнінің 32 жылдығына арналған «Мұражайлар және мәдени туризм» атты салтанатты шара өтеді.

Алматыда мұражайлар және мәдени туризм мәселесі талқыланады

Қоғамның дамуындағы мұражайлардың өзіндік орнын жұртшылықтың жақсы тануын қамтамасыз ету үшін Халықаралық мұражайлар кеңесі (ICOM) 1977 жылы 18 мамырды - Халықаралық мұражайлар күні (IMD) деп жариялады.

Бұл атаулы дата (IMD) - ерекше мереке. Осы күнді мұражайлар мәдени ұйымдарға қатысты мәселелерді бірлесіп шешуге бағыттайды. Халықаралық мұаражайлар күні - музей ісінің кәсіби шеберлерінің жұртшылықпен қауышуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұражайлар - қоғамның дамуы үшін қызмет ететін мекемелердің бірегейі.

Салтанатты іс-шараға музейлердің басшылары мен қызметкерлері, қаланың мәдениет саласын басқаратын басшылары, Қазақстан туристік қауымдастығының және туристік компаниялардың өкілдері, ЮНЕСКО мен Британ Кеңесінің мамандары қатысады.