Алматыда мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 580 адам коронавирус жұқтырды. Оның 534-і симптомдық белгілермен және 46-сы симптомсыз. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

Жазылып шыққандар саны 160 болса, 72 адам ауруханаға жаңадан түсті.

3 310 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 932 адам, оның ішінде 50 бала емделіп жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 78 адам жатыр.

20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 24 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 668 пациент бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 3 431 науқас. Симптомсыз 237 науқас бар.