Алматыда нан бағасы қымбаттай ма
Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, қалада желтоқсан айына дейін нан бағасының өсуі болжанбайды. Қазіргі таңда Алматыда бір бөлке нанның (формалық) бағасы 75-90 теңге тұрады. Бұл — еліміздегі ең төмен бағалардың бірі.
«Бұл көрсеткішке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін істеліп жатқан шаралар арқылы қол жеткізілді. «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-ға белгіленген шекті сату бағасы бір бөлке үшін 75 теңге деңгейінде әлеуметтік нан (формалық, 1-ші сұрыпты ұннан) өндіру үшін жеңілдікпен 1 млрд теңге сомасында қарыз берілді», - деп хабарлады басқармадан.
Сондай-ақ, әкімдікте нанның төмен бағасы қалай қамтамасыз етілетіні айтылды.
«Нанның төмен бағасын қамтамасыз ету «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-мен жеңілдетілген қарыз туралы шарт жасасуға байланысты, сондай-ақ, барлық сауда желілерін, 3000-нан астам дүкендер мен дистрибьюторлардың көмегімен ішінара азық-түлік базарларын «Ақсай» өнімдерімен қамту есебінен жүргізілуде. Ұқсас жағдай, «Тоймарт» сауда желісімен сөредегі бір бөлке үшін бекітілген 75 теңге бағасымен 940 тонна нанды сату туралы келісім шарт жасалды», - деп толықтырды әкімдік.