Алматыда нан зауытына кіреберістегі газ жүйелерінде жарылғыш зат табылғандығы хабарланды

ТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше 104 пультіне Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан «Ақсай-нан» нан зауытына кіреберістегі газ жүйелерінде жарылғыш зат табылғандығы туралы хабар келіп түсті.

Алматыда нан зауытына кіреберістегі газ жүйелерінде жарылғыш зат табылғандығы хабарланды

Хабар алынысымен, оқиға орнына шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның 8 адамы мен 2 техникасы дереу жетті. Арнайы іс-шараларды жүргізу барысында құтқарушылар «тротил құтысы» деген жазуы бар кір сабынды тапты.