Алматыда нанның бағасы тұрақты - әкімдік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының наубайханаларында әлеуметтік нан өндіру үшін ұн қорының жеткілікті мөлшері бар. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Нан бағасының өсуіне жол бермеу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» қорынан 38 мың тонна субсидияланған астық жеткізілуде (құны тоннасына 90 мың теңге). Бүгінде «Ақсай нан», «Алматыдан» және «Рузинан» наубайханаларына астық жеткізілді», - деп мәлімдеді басқармада.

Басқарманың мәліметінше, мегаполиске ай сайын 4 мың тоннадан астам астық жеткізіліп отыр.

«Субсидияланған астық есебінен қаланың нан-тоқаш комбинаттары ірі сауда желілерінде нанның бағасын бір бөлке үшін 80 теңге және «үй жанында» дүкендерінде бір бөлке үшін 90 теңге бағасын бекітті», - деп нақтылады Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында.

Естеріңізге салайық, бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров елімізде ешқандай астық тапшылығы жоқ және жеткілікті мөлшерде астық бар екенін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар