Алматыда науқастардың «қалтасын қағуға» үндеген бас дәрігердің орнына басқа басшы тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда науқастарды «қалтасын қағуға» үйретіп, әлеуметтік желілер арқылы танымал болған №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Әнуар Амановтың орнына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды, «ҚазАқпарат» тілшісі Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.

Алматыда науқастардың «қалтасын қағуға» үндеген бас дәрігердің орнына басқа басшы тағайындалды

«2017 жылдың 1 ақпанында №7 қалалық клинкалық аурухананың бас дәрігері болып, Марат Шадыбайұлы Абдуллаев тағайындалды», делінген хабарламада.

М.Абдуллаевтың денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі 36 жыл. 2005-2007 жылдары Қызыл-Орда облысы Денсаулық сақтау басқарма басшысы қызметін атқарған.

Ал Абдуллаевтың орнына, яғни Орталық қалалық клиникалық ауруханасына Нұрлан Бостыбайұлы Турдалин тағайындалды.

Еске сала кетейік, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері А.Аманов қызметінен босатылды. Ол медицина қызметкерлерінің атына кір келтіріп, этикалық нормаларды бұзған.