Алматыда Наурыз мерекесі Астана алаңы мен Атлетикалық ауылда тойланады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 22 наурызда Алматыда Ұлыстың ұлы күні екі жерде - Астана алаңында және Атлетикалық ауылда тойланады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Астана алаңына киіз үйлер, әр түрлі қостар, шатырлар тігіліп, Наурыз мерекесіне сай инсталляциялар орнатылмақ. Мейрамда «Мүшел» деген тақырыппен театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан салттары, жыр айту дәстүрлері - «Самалық», «Түлік жыры» әндері орындалады.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай безендіріледі. Үлкен сахнадан мәнді де көңілді шараларды, ән-би мен театрландырылған қойылымды жиналған жұртшылықтың бәрі көре алады.

Ал Атлетикалық ауылдағы мерекелік қойылым жаңа қоныстағы қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген екі киіз үй қойылады. Мереке өтетін алаңға «шамдал», «қос», «көне сауда арбалары», «таңбалы тастар», «тарих тегершігі» атты инсталляциялар және ұлттық нышандағы әр түрлі мүсіндер қойылады.

Ұлыстың ұлы күні мерекесінде Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркін Шүкіман, Айгүл Қосанова сынды қазақтың айтулы әншілері, Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі, «Қоңыр», «МузАрт», «Алашұлы» топтары, Айқын, Әли Оқапов,Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева сияқты танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар