Алматыда Наурыз мерекесіне арналған отандық кинофильмдердің қайырымдылық көрсетілімдері басталды

АЛМАТЫ. 20 наурыз. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматы кинотеатрларында отандық кинофильмдердің қайырымдылық көрсетілімдері басталды. Аталмыш шара  Наурыз мерекесіне арналған.

Алматыда Наурыз мерекесіне арналған отандық кинофильмдердің қайырымдылық көрсетілімдері басталды

Алматылықтар мен қала қонақтары қала кинотеатрларында «Несиеге махаббат», «Тюльпан», «Секіріс», «Жерұйық», "Менің балалық шағымның аспаны", «Бәйтерек», «Сказ о розовом зайце», «Ойпырмай или дорогие мои дети», «Секер»  фильмдерін тамашалай алады. Фильмдер қазақ және орыс тілдерінде. Кіруі тегін.

  Шараның ұйымдастырушылары -  Алматы қаласы мәдениет басқармасы, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен қала кинотеатрлары.