Алматыда Наурыз мейрамына орай отандық фильмдер тегін көрсетілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамына орай Алматыда отандық кинофильмдердің тегін көрсетілімі өтіп жатыр. Фильмдер қаланың кинотеатрларында көрсетілуде.

Алматыда Наурыз мейрамына орай отандық фильмдер тегін көрсетілуде

Атап айтқанда, «Райымбектегі кинозалда» 22 наурыз күні сағат 14.00-де «Аңшы бала» фильмі қазақ тілінде көрермен назарына ұсынылса, 25 наурыз күні «Жеңіс семсері» фильмі орыс тілінде көрсетіледі.

Осыған дейін, яғни 20-21 наурыз күндері отандық туындылар «Біржан сал» мен «Жаужүрек мың бала» фильмдерін оңтүстікастаналықтар тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болған еді, деп хабарлайды kinostan.kz.