Алматыда Наурызбай аудандық ІІБ-на жаңа ғимарат берілді

Жаңа нысанның жабдықталуын қала әкімі Бауыржан Байбек тексерді.
2016 жылы Наурызбай аудандық ІІБ құрылысына жергілікті бюджеттен 980 млн теңге бөлінген болатын.
«Департаменттің қолға алған шараларының арқасында қаладағы қылмыс көрсеткіші 7 айда 7,7 %-ға азайды. Алдын алу, жедел іздестіру шараларының арқасында аса ауыр қылмыстар - 35,0 %-ға, жеңіл дәрежедегі қылмыстар - 5,0 %-ға азайды. Адам өлтіру қылмысы - 8,1%-ға, адам денсаулығына ауыр зақым келтіру - 18,0%-ға, қарақшылық шабуылдар -34,5%-ға, зорлық көрсету - 20,9%-ға, тонау қылмысы - 9,7%-ға, пәтерлерді тонау - 26,1%-ға, алаяқтық - 22,8%-ға, бұзақылық 40,8%-ға төмендеді. Сонымен қатар, қылмыстарды ашу 4,0 %-ға артты», - деді өз сөзінде қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев.
ІІД басшысы көрсеткен материалды-техникалық қолдауы үшін Алматы әкімдігіне алғыс білдірді.
Оның айтуынша, биыл департаменттің материалды-техникалық жабдықталуына жергілікті бюджеттен 8 млрд 589 млн теңге бағытталған.
«Бүгінде департамент қажетті құралдармен 80 пайызға жабдықталды. Бұл өз кезегінде түрлі қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатыр. Атап айтқанда, Наурызбай ауданы бойынша барлық қылмыс түрінің 25,3%-ға азайғаны байқалып отыр», - деді генерал-майор Күдебаев.