Алматыда Назарбаев даңғылының бойында қозғалыс 5 тәулікке шектелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Назарбаев даңғылының бойымен қозғалыс 5 тәулікке тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жөндеу жұмыстарына байланысты Назарбаев даңғылының бойында көлік қозғалысы әл-Фараби даңғылы мен Қажымұқан көшесіне дейінгі аралықта қыркүйектің 9-нан 14-не дейін шектеледі»,-деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биылғы жылы жөндеу жұмыстары Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даңғылдары мен «Алматы- 2» вокзалы аумағы және Республика сарайының алдындағы алаңда жүргізіледі. Қалада осы уақытта ұзақтығы 500 км болатын 524 көше жөнделеді.

Соңғы жаңалықтар