Алматыда «Ниссан Теана» көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Фурманов көшесінде Ниссан көлігі жаяу жүргіншін қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

«Ниссан Теана» жүргізушісінің айтуынша, ол отбасымен солтүстік бағытпен келе жатқан. Күтпеген жерден жаяу жүргінші жолға жүгіріп шыққан. Тежегішті басып үлгермеген ол жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылып, жапа шеккен азаматты аурухана алып кетті.

Куәгерлер мен дәрігерлердің айтуынша, жаяу жүргіншіден алкогольді ішімдіктің иісі шығып тұрған.

null

Соңғы жаңалықтар