Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан тасқын болуы, сел жүруі жөнінде ескерту жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Синоптиктер Алматыда және Алматы облысында нөсер жаңбыр салдарынан тасқын болуы, сел жүруі жөнінде ескерту жасады.

Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан тасқын болуы, сел жүруі жөнінде ескерту жасалды

«Таяудағы тәуліктерде күшті жаңбыр жауып, Алматы облысының кейбір тау өзендерінде жаңбыр тасқыны, сел жүруі күтілуде», - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған байланысты Алматы ТЖД тұрғындарды, қала қонақтары мен туристерді таулы жерлерге бармауға және төтенше жағдайларға жол бермеу үшін қауіпсіздіктің барлық шараларын алуға шақырады.