Алматыда нөсер жауын: 5 үй мен 9 көшені су алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соңғы үш күннің ішінде толассыз жауған нөсердің салдарынан 24 нысанды су алды. Бұл туралы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде ТЖД өкілдері айтты, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.
«Нөсер жауынның салдарынан қалада 5 жекеменшік тұрғын үй, 8 аула, 9 көше су астында қалды. Ұйым қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында су басқан аймақтарды дереу қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Негізгі себеп тұғындардың ауладағы арық тазалығына атүсті қарауынан болған. Және де бар арық жүйелері жауынның шамадан тыс көп түсуіне төтеп бере алмады»,- деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков.
Су басу деректерінің көпшілігі Алатау және Медеу аудандарындағы болған.
Төтенше жағдайдан тұрғындар зардап шеккен жоқ. Қаладағы төтенше жағдайды жоюға 615 адам, 176 техника, 34 мотопомпа жұмылдырылған.
Авторы: Арайлым Жолдыбаева