Алматыда Nur Otan мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизациядан өтуде
Елбасы, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін Алматы әкімі, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, алматылықтар, сондай-ақ ғалым, қоғам қайраткері Рахман Алшанов, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, шахматтан халықаралық шебер және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдумәлік «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизациядан өтті.
Ақпараттық жүйеде кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары мен дауыс беру процесіне қатысу қағидалары еркін жарияланған.
«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, қалада партияның 60 мыңнан астам мүшесі тұрады.
Алматыдағы праймериздің ерекшелігі - әрбір алматылық тұрғын үміткерлерге сұрақ қойып, үміткерлердің және партияның аудандық филиал парақшаларында хабарлама қалдыра алады. «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизацияға келетін болсақ, бұл партия мүшелеріне белгілі бір кандидат үшін дауыс беру мүмкіндігі үшін қажет.
«Партия мүшелерін таңдап, оларға дауыс беру веб-портал, мобильді қосымша арқылы және сайлау учаскелерінде жүзеге асады»,- деді Станислав Канкуров.
Естеріңізге салсақ, дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді. Ал партия мүшелеріне авторизациядан өту primaries.kz сайтында немесе «Primaries 2020» мобильді қосымшасында қолжетімді.