Алматыда Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыздар» деген жаңа драмасының тұсаукесері өтті

АЛМАТЫ. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Адасқан жұлдыздар» деген жаңа қойылымның тұсауы кесілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Драманың авторы - Нұрғали Ораз. Қоюшы-режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Балтабай Сейітмамытұлы, суретшісі ҚР мәдениет қайраткері Серікқан Омаров.

«Бұл өте бір сәтті қойылған қойылым болды. Өйткені драматургияда біз көбінесе өткен шақты көбірек айтамыз. Нұрғали Ораздың бүгінгі «Адасқан жұлдыздар» драмасы бүгінгі заманның қойылымы. Мен осы заманның мұңы мен жырын және оқиғаларын айта алатын суреткерді ғана нағыз суреткер, нағыз жазушы, нағыз драматург деп санаймын», дейді ақын Болат Шарахымбай. Онда басты кейіпкерлерді Ербол Садырбаев (режиссер), Әсет Иманғалиев (актер), Қадырғазы Қуандықов (егде жастағы актер), Сәния Ерзатқызы (келіншек) және тағы басқалар сомдап шықты. Бұл шығарма кезекті қойылымдардың бірінде қайыршы рөлін ойнағаннан кейін өмірі күрт өзгерген театр актерінің тағдыры туралы. Бас кейіпкер өмір шындығымен бетпе-бет келіп, әділетсіздікке жаны күйген кезде театрды тастап, өмірдегі өз рөлін ойнау туралы шешімге келеді.

Соңғы жаңалықтар