Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған конференция өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда қазақтың талантты композиторы, дирижер, домбырашы,
None
None

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, СССР халық әртісі, «Халық қаһарманы» Нұрғиса Тілендиевтің 85 жылдығына арналған «Нұрғиса Тілендиев және заманауи қазақ өнері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференцияға ұлы тұлғаның туыстары, әріптестері, шәкірттері қатысып Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы жайында естеліктер айтты. Ол туралы арнайы түсірілген деректі фильм көрсетілді. Конференцияға қатысушылардың айтуынша, Нұрғисаның ең ірі еңбектерінің бірі - «Отырар сазы» оркестрін құруы, дәстүрлі ән мен күйге ел махаббатын оятуы. Бүгінде оркестр қазақ мақтанышына айналған музыкалық ұжымның бірі. Қазіргі таңда аталған ұжымды Нұрғиса Тілендиевтің қызы Дінзухра Тілендиева басқарады. «Әкем менің жадымда еңбек сүйгіштігімен, өз мамандығына шын берілген, өмірде қарапайым жан ретінде қалды. Әкем мұра ретінде тастап кеткен дирежер, композитор деген атты өз биігінен түсірмеу - мақсатым», дейді Дінзухра Нұрғиса қызы.

«Нұрғиса Тілендиев - қазақтың музыкалық мәдениетінде қайталанбас із қалдырған ең ірі тұлғалардың бірі. Ол барлық жағынан ерекше еді. Оның музыкасы да, істеген істері де ерекше», деп атап өтті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Сығай.

Соңғы жаңалықтар