Алматыда «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан өрт шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Нұрлы Тау» бизнес орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін кешкі сағат 19:03 шамасында өрт сөндіру бригадасы Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы 7/4 а мекенжайы бойынша шақыртуға шықты.
«Газ-түтіннен қорғаушылар барлау барысында, 19-қабатта кондиционердің сыртқы блогының 2 шаршы метр аумағы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын балконға таралып үлгерген»,- деп хабарлады ведомстводан.
Өрт қысқа мерзімде жойылды.
Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.