Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндер шырқалған концерт өтті
АЛМАТЫ. 27 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РМК-де ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара болып өтті.
Шара ауқымында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәтін авторы болып табылатын әндерді ҚР халық әртісі Сара Тыныштығұлова орындаған концерт өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы сүйіп тыңдайтын әндерді Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның доценті, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ерсайын Басығара орындады.
Бұдан басқа Қазақстан Президентінің балалық және жастық шағы туралы оның әдеби шығармаларының негізінде түсірілген режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі көрсетіліп, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған кітап көрмесі болды.